Елде медиаторларды даярлауға енді 200 академиялық сағат бөлінеді. Бұл қазіргі оқу мерзімінен 4 есе көп.
Тиісті заңнамаға осындай өзгеріс енгізілмек. Мамандар бұл бастаманың салаға оң серпін береріне сенімді. Халықаралық медиация орталығында бүгінге дейін 2 мыңдай адам білім алған. Олар әр өңірде түрлі дау-дамайды сотқа жеткізбей шешуге күш салып жүр. Қоғамдық ұйымның ресми мәліметінше, медиаторларға, тұрғындар 150 мыңдай жанжал бойынша жүгінген. Олардың тең жартысы - азаматтық істер.
Салтанат Абдуақытқызы, Халықаралық Медиация орталығының басқарма мүшесі:
- Арнайы Үкіметтің бекіткен курсын өтіп, сертификатталған маман болу керек. Енді заңнамаға өзгеріс енгізілгелі жатыр. Медиаторлардың дайындығына 200 академиялық сағат бөліну қажет деп жатыр. Бұл бізді қуантарлық жағдай. Өйткені медиаторлар арнайы дайындыққа келген кезде барлық практикамен, заңнамалармен, арнайы техникалармен танысып алуға мүмкіндіктері болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #медиация #маман #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz