Таразда белсенділер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының 50 сарбазы, облыстық және қалалық балалар ауруханасының аумағын қоқыстан тазалады.
Қураған шөпті жұлып, тұрмыстық қалдықты арнайы орындарға шығарды. Экологиялық шара Жуалы, Қордай, Жамбыл мен Шу аудандарында да ұйымдастырылды. Жалпы жыл басынан бері «Таза Қазақстан « акциясына, 100 мыңнан астам адам қатысты. 60 ірі, 400 шағын кәсіпорынның ұжымы ат салысты. 6 мың тонна күл-қоқыс полигонға шығарылды.
Абзал Есіркепов, қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры:
- Жыл басынан бері 20-ға жуық акция мен 30-дан астам сенбіліктер ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар 12 тамыз жастар күніне орай біздің орталық тарапынан 10 күндік іс-шара жоспары әзірленген. Сол жоспардың ішінде осы акция орын алуда. Бұл акциялар тек қана биыл ғана емес, алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатынына сенімді түрде айта аламын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таза Қазақстан #қоқыс #ТаразPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz