Атырауда құрылысшылардың төл мерекесіне орай футболдан шағын турнир өтті.
Оған жеті аудан мен облыс орталығынан барлығы 9 команда қатысты. Дәстүрлі дода сала қызметкерлері арасындағы достықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеді. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар арнайы кубок пен дипломға ие болды.
Талғат Бисен, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары:
- Бұл өз кезегінде бұқаралық спортты насихаттау бағытында жүріп жатыр. Бұдан бөлек ертең Өтемісов атындағы қазақ драма театрында салтанатты шара өтеді. Құрылысшы ардагерлерді, сонымен қатар құрылысшы мамандарды марапаттау рәсімдері өтетін болады.
Бекбол Әбуов, турнирге қатысушы:
- Біздер Мақат ауданынан келіп қатысып отырмыз. Мемлекеттік қызметшілер болсын, құрылыс мамандары болсын, бір-біріне деген ынтымақтастықты және одан әрі жұмыс барысында тәжірибе алмасып, спортқа деген қызығушылықты арттыру бағытында ұйымдастырылып отыр.
Тегтер #Атырау #құрылысшы #шағын футбол #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz