RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі қылмыс саны азайып келеді

08.08.2025, 17:18 320

Елдегі қылмыс 9 мыңға азайды.

Әсіресе адам өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру сынды құқықбұзушылықтар саны төмендеген. Мұндай істерді ашу деңгейі де жақсарып келеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Ведомства басшысы Мемлекет басшысының қабылдауында болып, есеп берді. Оның айтуынша, ауыр және аса ауыр қылмысқа қатысы бар 146 қылмыстық топ жойылды. Полиция өндірісіндегі барлық қылмыстық іс бойынша азаматтардың 28 млрд теңгеден астам шығыны өтелді. Іздеуде жүрген 956 адам ұсталды, олардың 24-і шетелден Қазақстанға экстрадицияланды. Сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қатысты 6 call-орталық жойылып, 67 млн жалған қоңырау мен 3 мыңнан астам алаяқтық сайт бұғатталды. Алаяқтардың 2,8 млрд теңгені шығаруына жол берілмеді. 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне тосқауыл қойылып, 19,5 мың есірткі сайты бұғатталды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі арттыруға қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz