«Қазақстан халқына» қоры Ұлытау облысы тұрғындары үшін 3 жылда 3 млрд теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен.
Бұл жайында бүгін өңірде ұйымдастырылған баспасөз туры барысында мәлім болды. Қаржының басым бөлігі денсаулық сақтау саласына бағытталған. Атап айтқанда, 1 млрд теңгеден астам ақшаға медициналық мекемелер жабдықталып, орфандық, онкологиялық және офтальмологиялық аурулары науқастарға дәрі-дәрмектер сатып алынған. Тағы 2023 жылдың мамырынан 2025 жылдың шілдесіне дейін 290 операция жасалды. Ал білім беру бағытында 980 млн теңгеден астам сомаға 7 жоба жүзеге асырылды. 3 тірек мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 18 білім ошағында робототехника кабинеті қажетті кешенмен жабдықталды. Сонымен қатар 15 студентке оқу гранты берілді. Жалпы айта кету керек, «Қазақстан халқына» қоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы құрылған. Содан бері 3 ұлттық конференция өткізілген. Ал 4-ші жиын биыл қыркүйек айына жоспарланып отыр.
Бауыржан Оразғалиев, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры бағдарламалар мен жобаларды басқару жөніндегі орталықтың жетекшісі:
- Егер 3 млрд теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді десек, ол қаржы әрі қарай арта түспек. Таяудағы жоспарымыз Жаңаарқада 16 орталық ашу жоспарланып отыр. Егер жоба бекітілсе келесі жылы 200-240 млн теңге көлемінде облыстық деңгейдегі заманауи, барлық жабдығы бар аудандық орталық ашу ниетіміз бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қазақстан халқына қорыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz