RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық оқушылар Бейжіңнен олжалы оралды

08.08.2025, 20:06 450

Үш алтын, бір күміс және үш қола. Бейжіңде өткен Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында қазақстандық оқушылар жарады.

Байрақты дода 2–9 тамыз аралығында өтті. Оған 61 елден келген 77 команда қатысты. Қазақстанның намысын екі команда қорғады. Нәтижесінде, алтын медаль саны бойынша бейресми есепте еліміз үш алтынмен екінші орынды Польша, Үндістан және Вьетнаммен командаларымен бөлісті.  Бірінші орынға алты алтынмен Ресей командасы ие болды. Олимпиада аясында әлемнің жетекші сарапшыларының дәрістері, этикалық пікірталас және мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Халықаралық жарыс мақсаты – жастар арасында жасанды интеллектті сауатты қолдану мен заманауи технологияны насихаттау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz