RU
Толық нұсқаға өту

Блиц: А.Құнанбайұлының шығармаларын білесіз бе?

09.08.2025, 17:33 540

Шымкентте Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ақын шығармашылығын дәріптеуге арналған әдеби-танымдық кештер, жыр мүшайрасы мен поэзиялық байқау ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, оның рухани мұрасы насихатталып, ашық есік күні өткізіледі. Ал қала тұрғындары ағартушының шығармаларымен қаншалықты таныс? Оның өмірдерегін біле ме? Осы сұрақтардың жауабын білу үшін көпшілік арасында сауалнама жүргізілді. 

БЛИЦ:

- Қазақ халқының ұлы ақыны, философ. Ол кісі барлық қазақ халқымызға мәдениетті мұрамызды қалдырды. Ол кісі өзінің қара сөздерінен кез келген сұраққа жауап алуға болады деп есептеймін.

- Бала кезден бұл кісінің шығармаларын, аудармаларын оқып өстік. Оқуға шақырады. Білімге құштарлығын ашады. Жаман нәрселерден қашық болуға, жақсы нәрселерге асық болуға шақырады. 

- Бірінші кезекте ұлы ақын ретінде білеміз. Абай Құнанбайұлының шығармаларымен кеңінен таныспын. «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге, Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz