Алматы облысында әскери тікұшақ құлаған аймақтан екінші адамның сүйегі табылып, судан шығарылды.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Қазір құзыретті органдардың қатысуымен мәйітті анықтау рәсімі жүріп жатыр. Іздеу жұмыстары қажетті күш-құралдарды жұмылдыра отырып, тәулік бойы жүргіп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін ЕС-145 әскери тікұшағы 25 шілдеде Луговой елді мекенінен жоспарлы ұшу кезінде, үш экипаж мүшесімен бірге жоғалып кеткен еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #тікұшақ #апат #Алматы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz