RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысын сумен қамтуға ₸10 млрд бөлінді

11.08.2025, 11:00 320

Абай облысын сумен қамтуға 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.

 Бұл сома заңсыз иемденілген активтерді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елге қайтару нәтижесінде бөлініп отыр. Аймақтағы маңызды әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту үшін Үкімет Арнаулы қордан қаржы бағыттайды. Қазір Абай облысында бас-аяғы 21 жоба қолға алынған. Оның жетеуі – Семей қаласында. Сондай-ақ Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында сумен жабдықтау желілері жүргізіледі. Нысандар биыл пайдалануға беріледі. Бүгінде облыс бойынша сумен қамту деңгейі Семей қаласында 95,5%-ға, ал ауылдық жерлерде 95%-ға жетіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz