Атыраудағы Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы мен оның орынбасарлары апта сайын құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын бақылайды. Бұл күрделі мәселелерді дереу шешіп, құрылыстың жоспарға сай жүруіне мүмкіндік береді. Жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт келер жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Құрылыстың қазіргі қарқынын байқау үшін бұған дейінгі көріністерге зер салайық. Жыл басында бұл далада құрылыс басталғанын аңғартатын бір-екі ғана белгі болса, қазіргі көрініс мүлдем басқа. 400 тонналық жүкті көтеретін алып крандар биіктігі 75 метр болатын баған-құбырларды бірінен кейін бірін орнатып жатыр. Бүгінде құрылыс алаңында 52 бағыт бойынша 1800-ден аса адам жұмыс істейді. 370-тен астам техника жұмылдырылған.
Санжар Жаркешов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
- Біздің кестеге сәйкес келмейтін болса, басқа суб.подрядный компанияларды алып, олардың жұмысын ұлғайтып жатырмыз. Мына Интегра Констракшн және КCG компаниясы бір жұдырықтай түсйіліп, осы жобаны бітіреміз деп уәде беріп отыр. Бұл Мемлекет басшысының да Премьер-министрдің де қатаң қадағалауында. Сондықтан біз бұл жобаны сапалы түрде жүзеге асырамыз деп ойлаймыз.
Қазір құрылыстың 25 пайызы аяқталған. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 70 пайыздан асады,- дейді жауапты бас мердігер.
Шахмұрат Мүтәліп, «Іntegra construction» және «Кazakh construction group» компанияларының құрылтайшысы:
- QazaqGaz ҰК басшылары апта сайын құрылыс басына инспекциямен келеді. Күрделі мәселелер болса, солар талқыланып, шешіліп жатыр. Бір кішігірім кестеден қалып келе жатқан уақыт бар. Бірақ оны алдағы қыркүйек айында толығымен қуып жетеміз. Келесі жылдың аяғында бітіреміз деп ақпарат беремін.
Қажетті құрылыс материалдары толық жеткізілген. Құрылысшылар екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Жобаның аяқталуына жауапты Іntegra construction компаниясының басшысы газ өңдейтін зауыт келер жылдың соңында іске қосылады деп сендірді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қашаған #Атырау #газ #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz