RU
Толық нұсқаға өту

Көпқабатты үйдің қабырғасына Абай бейнесі салынды

11.08.2025, 23:17 377

Текелі қаласында  көпқабатты үйдің қабырғасына  Абай Құнанбайұлының бейнесі салынды.  

Кенді шаһардың ортасындағы мурал ақынның 180 жылдығына арналды. Ашылу салтанатына жиналған көпшілікке  жасанды интелект арқылы әзірленген бейнеролик көрсетілді.  Онда  ұлы ойшылдың өзі қара сөздерін оқып бергендей әсер қалдырды. Шара Абай әндері шырқалған концертке ұласты.

Шамиль Дүйсенғазыұлы. «Жетісу жастары» КММ директоры:

- Қазіргі таңда Жетісу облысында Абай атамыздың 180 жылдығына орай онкүндіктің аясында көптеген шара өткізіліп жатыр. Оның ішінде осы муралдың ашылуы, поэзиялық кештер өтіп жатыр. Оның барлығы - Жетісу жастарының өз еркімен өткізіп жатқан іс-шаралар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz