RU
Толық нұсқаға өту

Балалар үйін көшіруге қатысты дауға байланысты үш адам қызметінен кетті

12.08.2025, 17:31 814

Бағанашылдағы балалар үйін көшіруге қатысты туындаған дауға байланысты Алматы облысында үш лауазымды тұлға  қызметінен кетті.

Осылайша Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева және өңірлік ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов қызметімен қош айтысты. Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары қатаң сөгіс алды. Естеріңізге сала кетейік, Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері 21 шілде күні өздерін Қонаев қаласына көшіруге қатысты наразылық білдірген болатын. Мемлекет басшысының тікелей араласуымен сол күні балаларды өз ықтиярынсыз ешқайда көшірмеу туралы шешім қабылданды. Президент Әкімшілігі осы даулы мәселеге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды. Ал Бағанашылдағы балалар үйі облыстан Алматы қаласына өтті. Қонаевтан салынған жаңа ғимаратқа бейімдеу орталығындағы балалар қоныстанын айта кетейік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz