RU
Толық нұсқаға өту

Өңір жастарын тұрғын үймен қамтуға ден қойылды

12.08.2025, 19:26 328

Былтыр 11 мыңнан астам жас баспаналы болды.

Олардың көбі моно қалалар мен аудан тұрғындары. Азаматтар пәтерге арнайы бағдарламалар арқылы қол жеткізген. Биыл бұл жұмыс қалай атқарылып жатыр?

Астанаға арман қуып келген жастар баспаналы болу үшін барын салары сөзсіз. Көпшілігі «Елорда жастары» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасына ілігуді көздейді. Себебі шарттары тиімді. Несие жылдық 5%-тік мөлшерлемемен беріледі. Максималды сомасы 18 миллион, мерзімі 19 жыл.

Зарина Искакова, Астана қаласы әкімдігі «Тұрғын үй қоры» КММ маманы:

- Бағдарламдаа ең басты шарттары 35 жасқа дейін. Еңбек қызметін міндетті түрде мына салаларда жұмыс жасауы керек. Оны атап кетсек, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттары, журналистер, астана қаласының коммуналдық мекемелері, Астана қаласы полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері. Сондай-ақ үй кезегінде тұрған жетім қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар.

Бұл бағдарламалардың мақсаты - аймаққа қажетті мамандарды тұрақтандыру. Сондықтан әкімдіктер жастарға пәтер алуға көмектесу арқылы кадрлық мәселелерді шешіп отыр. Бүгінде осындай бағдарламалар еліміздің 17 өңірінде іске асырылып келеді. Берілген қарыздардың жиынтық бюджеті 192 млрд теңгеден асты. Бұл 11 мыңнан астам отандасымызға өз тұрғын үйін сатып алуға мүмкіндік берді.

Айбар Олжай, сарапшы:

- Аймақтық жастар ипотекасынан бөлек Қазақстан тұрғын-үй жинақ жүйесіне акцентті негізгі беріп отыр. оны отбасы банк жүзеге асырады. Оларға көптеген жастар қатысады, жастардың өзінің жақсы тарифтері бар. Сонымен қатар егер қазір бір жақсы жүріп жатқан дүние, егер тек Алматы мен Астана емес, басқа да өңірлерде жас жұмыс істегісі келсе соған берілген жақсы бір жеңілдіктер, квоталар бар. Және мемлекет осы моноқалалар болсын, шағын аудандарда болсын, соларда тұрғын-үй құрылысын жандандыруға өзі ниетті болып отыр.

Бұл «Наурыз» және «Отау» жеңілдікті тұрғын үй бағдарламалары. Олар Президент тапсырмасы бойынша іске асырылады. Қаржыландыруға 206 млрд теңге бөлінді. Осы бастамалар аясында 7,9 мыңнан астам жас мемлекеттік қолдау алып, тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

Серік Селеубайұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz