Атырауда жастар күніне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге 18 бен 35 жас аралығындағы 300-ге жуық жас келді. Облыстағы 28 мекеме 190 жұмыс орнын ұсынды. Жастарға арналған жәрмеңке биыл екінші рет ұйымдастырылды. Шараға келгендер жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, түйіндемесін тастап кетті. Ал жыл басында өткен жәрмеңкеде 100 адам тұрақты жұмыс тапқан. Жұмыссыз жастардың санын азайту үшін мұндай іс-шараның маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.
Мәнсия Сағидоллаева, жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Психологтар, бизнес аналитиктері, IT-мамандықтары сұранысқа ие. Қазіргі таңда осы жердегі келіп жатқан көп мекемелердің сұранысы мұғалімдер. Жас мұғалімдер керек. Соның ішінде орыс мектептеріндегі мұғалімдер. Орыс сыныптарына білім беретін мұғалімдер жеткіліксіз екен.
Тегтер #Атырау #жастар #бос орындар жәрмеңкесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz