«Каспий таяздана берсе, теңіздің биоәлеміне қауіп төнеді. Сондықтан экологиялық апаттың алдын алу керек», - дейді тәуелсіз сарапшылар.
Ақтауда экологтар мен табиғат жанашырлары бас қосып, теңіздің тағдырын талқылады. Жиынға халықаралық ұйымдардың сарапшылары онлайн қатысты. Шараны жергілікті әкімдік, экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Тегеран конвенциясының хатшылығы бірлесе ұйымдастырды. Мамандар «Каспий - менің теңізім» атауымен қоғамдық кеңес құрып, құрамына белсенді азаматтарды қосуды ұсынды. Жалпы Ақтауда кешелі бері халықаралық Каспий теңізі күніне арналған шаралар жалғасып жатыр. Жағажайда сенбілік өтіп, сүңгуірлер теңіз түбін қоқыстан тазалап шықты.
Әділбек Қозыбақов , «Еcojer» қауымдастығы аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы:
- Тек қана Қазақстанда емес, 5 мемлекеттің барлығында осындай жергілікті жерде, әр елде өзінің осындай бастама жұмыс жасайтын болса, ол Тегеран конвенциясын жүзеге асыруға ықпалын тигізеді деген сеніміміз мол. Яғни бұл жерде Тегеран конвенциясының ережелері мен талаптарының орындалуына жергілікті деңгейде қадағалау керек болып тұр. Соның ішінде қоғамдық бақылау керек.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Каспий #АқтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz