Шымкентте 56 мыңнан астам балаға мектеп формасын алу үшін бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді.
Оқу жылы қарсаңында атаулы көмек алушылар мен аз қамтылған отбасыдан шыққан әр бала үшін 46 500 теңгеден үлестіріледі. Сонымен қатар ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен төтенше жағдайға тап болғандар да бір реттік қаржылай көмекке ие болады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы мәлімдеді. Қазір оқу орындары ұсынған ұл-қыздың әлеуметтік статусына зерделеу жүргізіліп жатыр. Биыл Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына жеке меншік ұйымдағы оқушылар да қатыстырылады.
Гүлнәз Сүлейменова, қалалық Білім басқармасының басшысы:
- Қаржыны алғаннан кейін ата-ана міндетті түрде алған заттарын растау үшін оның түбіртегі керек және міндетті түрде оның суреттері керек болады. Оның барлығы мектептің әлеуметтік педагогы бар бізде штат бойынша. Сол мамандар оны ұйымдастырады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Шымкент #мектеп формасы #балаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz