Биыл жеті айда сыртқы сауда айналымы 66 млрд долларға жеткен.
Бұл туралы вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкіметте өткен брифингте баяндады. Қазақстан шетке 36 млрд 800 млн доллардың тауарын экспорттаған. Оның ішінде өңделген тауар құны 12,8 млрд долларды құрапты. Ал сырттан жалпы құны 29 млрд доллардан асатын тауар әкелінген. Сонымен бірге Серік Жұманғарин салаларға құйылған инвестиция көлеміне тоқталды. Оның айтуынша, білім беру саласына құйылған қаржы былтырғымен салыстырғанда екі есеге өскен. Қаржы және сақтандыру жүйесіне тартылған қаражат 90 пайызға, өңдеу өнеркәсібіне 39 пайызға артыпты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #сауда #тауарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz