Ақтау колледждерінде ашық есік күні өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы қолға алынған танымдық шара «Шебермен бірге 1 күн» атауымен ұйымдастырылуда. Өндірістік оқыту шеберлері биыл оқуға түскен жастармен кездесіп, техникалық және жұмысшы мамандықтарының қыр-сырын түсіндіреді. Жалпы қазір Ақтауда 15 кәсіптік білім беру ұйымында 12 мыңдай студент білім алады. Соңғы кезде өңірде оқу бағдарламасына жаңа мамандық түрлері енгізіліп жатыр. Мәселен биыл 50 баланы «Телекоммуникациялық байланыс жүйелері технигі» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына оқыту, күн тәртібінде тұр.
Анар Исходжаева, өндірістік оқыту шебері:
- Менің сабағым «Байланыс жүйелері технигі» маманы жөнінде өтті. Мына жерде біз радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша балаларға мағлұмат беріп кеттік. Тәжірибелік жұмыстарды жасаттық. Балалар қызығып жасады.
Іңкәр Ырзабек, студент:
- Әсеріміз өте күшті, бүгінгі ақпараттар өте қызықты болды. Бұл мамандық өте керек деп ойлаймын. Себебі, қазір әр үйде интернет бар. Болашақта осы мамандықтың жақсы иегері боламын деп ойлаймын.
Тегтер #Ақтау #колледж #студенттер #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz