Енді елде нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы ведомствоаралық штаб жұмысы Үкімет деңгейінде қаралады.
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Президент жүктеген тапсырманың бірі осы. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай «Телеграмдағы» парақшасында жазды.
Еске салайық, аталмыш орган осы уақытқа дейін Ішкі істер министрлігінің қарауында болды. Руслан Желдібайдың айтуынша, бұл нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресті жандандыруға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар арасындағы жұмысты анағұрлым тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #үкімет #есірткі саудасы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz