Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысының жаңа орынбасары болып танымал журналист, медиасалада ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз, 24KZ телеарнасының директоры Жасын Ерсінұлы Біркенов тағайындалды.
Ақпарат саласындағы көпжылдық тәжірибесі мен еңбегі арқылы Жасын Біркенов қазақстандық медиа қауымдастық арасында кәсіби беделге ие болған тұлға.
«Хабар» Агенттігінің ұжымы Жасын Біркеновті жаңа қызметімен шын жүректен құттықтайды!
Әріптесіміз мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі арқылы еліміздегі мемлекеттік ақпарат саясатының дамуына өз үлесін қосарына сеніміміз мол.
Тегтер #ҚР Президенті #баспасөз хатшысы #24 kzPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz