Аманкелдіге арнайы баратын туристер көбейді.
Ауданда туристік нысандар құрылысы жүріп жатыр. Мәселен, аң аулауға құмар жандарға арнап аңшылық үйі салынды. Енді ірі туристік кешен тұрғызылып жатыр. Жол бойында қымызханалар да көбейді.
Эйфель мұнарасы, Сақ моншасы, Тадж-Махал кесенесі сияқты әлемнің сәулет жәдігерлерін көргіңіз келсе, Аманкелдіге барыңыз. 70 мың шаршы метрді алып жатқан туристік кешенде жаһанның керемет жауһарлары саналатын 15 нысан бой көтереді. Ішінде қонақүй, мейрамханасы бар. Жақында осындағы тарихи тұлғалардың есімдері жазылған «ұлттың жады» тақтасы әлемдік рекордттар кітабына еңді.
Ағыбай Төлегенов, ауыл тұрғыны:
- Тадж-Махалдың орналасуы,осының өзі салынуы, осығанда келіп, сырттан келген діни қызметкерлерде келіп, аралатып жүрміз. Көрсетіп жүрміз, бізде осы бар деп. Бұған ертең біткеннен кейін, үлкен бір мешіттің айналары шексіз. Міне осы алаң барлығы, кереметтердің барлығы ертең қанша дегенмен елдің танылуына үлкен себептігін тигізеді.
Аманкелді ауданының еріксіз көз тоқтатып, аялдауға мәжбүр ететін тағы бір көрікті жері-Құмкешу аумағы.
Мағауия Қалиев, тілші:
- Торғай өлкесіндегі Құмкешуге келсеңіз, Біріккен Араб Әмірліктеріне тап болғандайсыз. Жағалай құм шағылдары, сусып көшкен бархандар, мұның бәрі Дубайды көз алдыңа әкеледі. Нағыз туризмнің көзі десе болады.
Жасұлан Мақашев, Торғай кентінің тұрғыны:
- Өткен сайын, осы жерде семьямыз бен келіп, тоқтап демаламыз. Мына жерде өзі киіз үйлер тұр.Осы жерлерге киіз үйлерді тағы да осылай қосымша бірдеңелер салса. Балалардың ойын алаңы болса, дамытса, осы жерді жақсы болар еді.
Құмкешудегі қымызхананы жергілікті тұрғын биыл ашқан. Жол бойындағы қос киіз үйден күніне 50-60 адам дәм татып, сусын ішеді. Кәсіп иесінің бұл жерді этноауылға айналдырсам деген ойы бар.
Ерлан Тоқмағанбетов, кәсіпкер:
- Бассейін орнатсақ, балалар ойнайтын алаң істесек дейміз. Сосын бір-екі кигіз үйді көбейтіп, біреуін қонақ үй қылып қойсақ деп, сондай бір жоспарлар бар негізінде. Осы жерде 20 шақырым жерде бізде Әулие тұз деген бар.Негізінде кәдімгі құмын жағып, шипалы ем болады. Оны да алдағы уақытта дамытуға болады.
Құрылысы биыл басталған Орталық-Батыс тасжолы пайдалануға берілген кезде турист саны еселеп артады деген үміт бар.
Абай Молдаш, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы:
- Былтырғы жылы 2,5-3 мыңдай адам келді бізге.Қазақстан ішінен де бар, шетелден де келген адамдар бар. Ертең бізде жол салынса, инфрақұрылым дұрысталса, туристік кешен аяқталса, сол бәрі әсер етеді деп ойлаймын болашақта.
Келесі жылы демалыс кешенінің ішінен туристік агенттік ашып, экскурсия жүргізетін гидттер дайындау жұмысы қолға алынбақ.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг
Тегтер #Қостанай облысы #аудан #туризм #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz