RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан ЖІӨ бойынша ТМД ішінде көш бастады

14.08.2025, 17:35 447

Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім бойынша ТМД елдері арасында көш басына шықты.

Халықаралық валюта қорының ресми сайтында жарияланған статистика осындай. Дерекке сәйкес, биыл елдегі көрсеткіш - 14,77 мың доллар болса, көрші Ресейде - 14,26 мың долларға тең. Жер қойнауы қара алтынға бай Түрікменстанда - 13,34 мың доллар болса, Қытай Халық Республикасында - 13,69 мың доллар. Сарапшылар бұл секторда Қазақстанның экономикалық дамуын бірінші кезекте мұнай мен газ, уран және басқа да пайдалы қазбалардың экспортымен байланыстырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz