RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда «Мағжан орталығы» ашылды

14.08.2025, 19:36 390

Петропавлда «Мағжан орталығы» ашылды.

Бұл ақиық ақынның, мол мұрасын дәріптеп қана қоймай, өңірдің әдеби – ағартушылық өміріне тың серпін береді. Сонымен қатар қалада «Ботай – ұлы дала мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Бұл шараларға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.

Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың соңында салынған. Республикалық маңызы бар тарихи ескерткіштер қатарына қосылған нысан енді «Мағжан орталығына» айналмақ. Оның ішінде ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды құжаттар сақталған.

Зарқын Тайшыбай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Ұлы Мағжанның бүкіл өмірі осы Қызылжармен байланысты. Мағжан жөнінде бүкіл жазылған шаруалар, жазылатын шаруалар барлығы осы жерде орындалады. Бұл Мағжан орталығы – ғылыми орталық, әдеби орталық.

«Мағжан орталығының» ашылу салтанатына Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен ғылыми және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Сонымен қатар олардың қатысуымен «Ботай – ұлы дала мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ботай – ұлы дала мәдениеті

Ежелгі адамдар осыдан 6 мың жыл бұрын жерді екі метрге дейін қазып, дәл осындай үй-жайлан салған. Оның басты ерекшелігі – мына бір бөренелер бірде-бір шегесіз қаланған. Ал едені мен қабырғалары саз-балшықпен сыланған. Сол себепті бұл жерде жаздың күні салқын, ал қыста жылы болады.

Ботай – жабайы жылқының алғаш рет қолға үйретілген жері. Осы күнге дейін ежелгі тұрақтан 2 мыңнан аса артефакт табылған. «Алайда оның сыры толық ашылған жоқ», - дейді тарихшылар.

Зайнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы:

- Осы істі әрі қарай жалғастыру – біздің тарихымыз, мәдениетіміз және ғылымымыз бен біліміміз үшін керекті дүние. Сондықтан да зерттеулер әрі қарай жалғасуға тиісті.

Конференция жұмысына археологтар, ғалымдар мен шетелдік сарапшылар қатысты. Олар Ботай тұрағында жүргізілген зерттеу жұмыстарына тоқталып, оның түркі өркениетінің бірегей бөлігі екенін айтты.

Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Ботай – ұлы дала мәдениеті. Бұл жерде тек қана қазақ халқының тарихы емес, бұл жерде Қазақстанның тарихы емес, бүкіл әлемдік тарихы деп айту керек. Бұның маңыздылығы өте зор, өте терең. Бұл тек ғылыми пікір алмасу емес деп есептеймін. Бұл болашақ жобалаларға негіз болатын ынтымақтастық алаң деп айту керек.

Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев одан бөлек Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде болып, профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков, 24kz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz