RU
Толық нұсқаға өту

Қонаевтағы жағажайда абаттандыру жұмыстары басталады

14.08.2025, 19:48 452

Қонаевтағы қалалық жағажайда, шомылу маусымы аяқталған соң абаттандыру жұмыстары басталады.

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. «Коммуналдық жағажайда осы уақытқа дейін демалушыларға қызмет көрсетіп келген 42 кәсіпкермен құрылыс жұмыстары аяқталған соң, қайтадан келісімшарт жасалады. Бірақ бұл жолы бұрынғыдай үш айға емес, жағажай 5 жылға жалға беріледі», - деді қалалық әкімдіктегілер. Аталған мәселе бүгін депутаттармен өткен басқосуда қызу талқыланды.

Наурыз Сайлаубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жағажайда күз айынан бастап, келесі жылдың көктеміне дейін құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Әкімнің тапсырмасымен келесі жылы оны кәсіпкерлерге береміз. Сондықтан осы мәселе шешімін табады.

Дастан Құсайынов, кәсіпкер:

- Келісемін, егер құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 5 жылға берсе жақсы болатын еді. Егер өздеріңіз салып алыңызыдар деп берсе де біз салуға дайынбыз. Бірақ үш айлық мерзімге ғана бергеннен кейін ешкім салғысы келмейді, қаражат жұмсағысы келмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz