RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Бозымбаев Орталық Азия елдерін суды әділ бөлуге шақырды

14.08.2025, 21:20 369

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Орталық Азия елдерінің Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының жұмысын сынға алды.

Ол келелі кеңесте қабылданған шешімдердің орындалмай отырғанына тоқталып, шетелдік әріптестерін суды әділ бөлуге шақырды. Бүгін Бурабай баурайында атаулы бірлестіктің 90-шы отырысы өткен еді. Оған Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Жиында тіршілік көзінің тапшылығы сөз болып, түйінді түйткілдерді шешу тетіктері талқыланды. Отырыс аясында Қанат Бозымбаев Тәжікстан мен Өзбекстанның су шаруашылығы секторының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді. Онда Сырдария және Әмудария өзендерінің әлеуетін арттыру, су қорын тұтыну жайы айтылды. Келесі кездесу Түрікменстанда өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz