Ақтөбеде киік еті саудаға шықты, деп хабарлайды 24kz.
Таңсық асқа сұраныс жоғары. Екі күнде шамамен 4 тоннасы өтіп кеткен. Келісі 1800 теңге. Ет Батыс Қазақстан облысынан тұтас, мұздатылған күйде жеткізіліп жатыр. Ғалымдар: «Ақбөкен етінің адам ағзасына пайдасы зор», - дейді. Әсіресе, бауыры ауырған, асқазанның созылмалы дертіне шалдыққандарға таптырмас ем. Өнімнің сапасын мамандар қадағалап отыр. Яғни, ет саудаға шыққанша бірнеше мәрте тексеріледі.
Гүлайым Тұяқова, Ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханасының меңгерушісі:
- Ет міндетті түрде тексеріледі. Бізге сатуға рұқсат беретін құжаттарымен келеді. Базарға жеткен соң тағы бір мәрте қараймыз. Міндетті түрде қайнату сынамасын аламыз және трихинеллезге тексереміз. Аурудың бар-жоғын және малдың қалай сойылғанын қараймыз.
Тегтер #Ақтөбе #киік еті #сауда #сұраныс #өнім #сапа #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz