RU
Толық нұсқаға өту

Орақ науқаны: 12 өңірде астық жиналып жатыр

15.08.2025, 12:19 478

Қырда орақ басталды. Қазір 12 өңірде науқан жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, арнайы техниканың 93%-і дайын. Науқанға 139 мың трактор, 31 мың комбайн тартылады. Оларға 402 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Жанармай бағасы нарықтан 18-20%-ке төмен. Ораққа дайындық пен шаруаларды қолдау мәселесі Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген жедел штаб отырысында пысықталды.

Айта кетейік, биыл 23,6 млн гектар алқаптан егін орылады. Оның 16 млн гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Қазіргі мәлімет бойынша егістің 6,6%-і орылып, 1 млн 600 мың тонна астық бастырылды. Сондай-ақ қазір майлы дақылдар мен картоп, көкөніс және бақша өнімдері жиналып жатыр.

Тамыздың алғашқы онкүндігінде 1,2 млн тонна астық жиналды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz