Жыл соңына дейін eQonaq ақпараттық жүйесі толыққанды қолданысқа қосылады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жүйе туристерді тіркеп, барыс-келіс ағынын анықтауға, көші-қон қарқынын бағамдауға мүмкіндік бермек. Қазірдің өзінде 3,6 млн шетелдік қолданып, қажетті ақпаратына қолжеткізген. «Ақылды» жүйе барлық-дерлік аймақтарда қолжетімді. Сондай-ақ 190-нан астам елдің паспорттарын веб-камера немесе смартфон камерасы арқылы тани алады. Бұдан бөлек, туристік әлеуетті арттыру мақсатында елде «Kazakhstan.travel» Ұлттық туристік порталы енгізілген. Жүйе 8 тілде қызмет көрсете алады. Онда туристік агенттіктер, гидтер, сондай-ақ, алда өтетін мерекелік іс-шаралар жоспары қамтылған.
Тегтер #туризм #ақпараттық жүйе #шетелдіктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz