RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда бір млрд теңгенің темекі өнімдері жойылды

15.08.2025, 19:00 354

Павлодарда бір миллиардтан астам теңгеге бағаланған вейптер мен темекі өнімдері жойылды.

Аталған тауарлар жедел-іздестіру шаралары барысында тәркіленген. Ауыр техниканың табанында тапталған электронды шылымдар мен олардың құрамдас бөлшектері Павлодар, Екібастұз және Ақсуда заңсыз сатылған.  Экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз тауар сақталған бірнеше қойманы анықтады. Мұндай жою шарасы өңірде   алғаш рет өткізіліп отыр. Себебі электронды шылымды таратуға байланысты қылмыстық жауапкершілік елде тек бір жыл бұрын енгізілді. Тыйым салынған өнімдерді сатумен айналысқан кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Жоламан Қиналбеков, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірінші жедел басқармасының басшысы:

- Облысымызда заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан адамдар ұсталды, анықталды. Олардан заңмен тыйым салынған темекі өнім, электрондық темекі өнімі вейптар тәркіленіп, қазіргі уақытта жою процесі жүргізіліп жатыр. Заңсыз кәсіпкерлік бойынша 8 қылмыстық іс қозғалып, миллиардтан аса теңге көлемінде тыйым салынған заттар тәркіленді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz