RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте теміржол өткелінің құрылысына озық технология қолданылады

15.08.2025, 19:42 385

Шымкентте теміржол өткелдерінің құрылысына озық технологиялық шешімдерді енгізу ұсынылды.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы құрылыс мерзімі қысқарып, бюджет қаражаты үнемделеді. Өңірде жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы осылай деді. Ірі жобаның құрылысы барысымен танысып, жұмысты уақытылы аяқтаудың маңыздылығына тоқталды. Мұнда пойыздың жүру жиілігіне байланысты көлік қозғалысы қиындаған. Мәселені шешу үшін екі жолақты жол жиегі 15 метрге кеңейтіліп жатыр. Депутат теміржол өткелін салуға, республикалық бюджеттен қаражат бөлуге себепкер болған.

Болатбек Нажметдинұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Халықтың тығыз орналасуына, көліктердің көбеюіне байланысты мына жерден көлік жүру мәселесі өте қиындап кеткен. Бұл жерден тек қана Сайрам елді мекеніне бармайды. Төле би ауданы мен басқа да аудандарға шығатын өте керекті инфрақұрылымдық жоба. Құрылыс сапасы жақсы. Бірақ ендігі жобаларда жаңа шешімдерді пайдалану керек. Жаңа, арзан және тиімді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz