Солтүстік Қазақстан облысында қоқыс полигондары туралы жалған ақпарат берген 12 ауылдық округ әкімі жазаланды.
Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, жалпы 1 миллион 300 мың теңге айыппұл салынды. Прокурорлардың айтуынша, лауазымды тұлғалар Қызылжар, Аққайың, Мамлют, Тайынша, Мағжан Жұмабаев аудандарындағы 79 қоқыс алаңы жойылды деп есеп берген. Бірақ тексеріс кезінде мәлімет расталмады. Осыған байланысты қадағалаушы орган қызметкерлері жауаптыларды жазаға тартып, мемлекеттік органдарға тиісті нұсқау берді.
Марат Аюпов, облыстық прокуратура басқармасының бастығы:
- Қоқыс полигондары туралы жалған ақпарат бергені үшін 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде экология департаменті мен табиғи ресурстарды реттеу басқармасының басшылары және Аққайың, Мамлют, Қызылжар аудандары әкімдерінің орынбасарлары бар.
Тегтер #СҚО #ауыл әкімдері #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz