Шымкентте мемлекеттік орган мен бизнес өкілдері арасында ашық диалог орнады, деп хабарлайды 24kz.
Форумда көлеңкелі экономикамен күреске негізделген салықтық реформаларға талдау жүргізіліп, заң жобасы талқыланды.
«Мақсат – шағын және орта бизнес иелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру», - дейді ұйымдастырушылар. Жиынға қаржы саласының 700-ден астам маманы қатысты. Олар бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылай аударымдардың тексерілуі және жаңа талаптар мен тәуекелдерге қатысты ойларын ортаға салды. Баяндамада кәсіп иелеріне жаңашылдықтан қорықпай, ашық жұмыс істеу қажеттігі айтылды.
Айдар Масатбаев, заңгер:
- Жаңа ақпараттарға қаныққан адам өз құқығын қорғай алады. Салық органының атынан хабарласатын алаяқтарға да алданып қалмайды. Екіншіден, салықтық міндеттемелер уақытылы орындалса, ешқандай кедергі жоқ. Біз форумда осы бағытта баяндамалар оқып, кәсіпкерлерге тегін қолдау көрсетеміз.
Тегтер #Шымкент #көлеңкелі экономика #шағын және орта бизнесPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz