RU
Толық нұсқаға өту

Заңсыз балық аулағандарға 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады

18.08.2025, 12:54 982

Былтыр заңсыз балық аулағандарға 98 млн теңге айыппұл салынған, деп хабарлайды 24kz.

Өткен айда кей балық түрлерін аулауға лимит енгізілген болатын. Оны облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары бақылайды. Лимит сақталмаса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәселен, рұқсат етілген көлемнен біраз асса, жеке тұлғаға 10, шағын бизнеске 30, ал ірі бизнеске 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қайталанса, айыппұл көлемі еселенеді.

Марат Қалмұратов, ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің басқарма басшысы:

- Былтыр біздің инспекцияларымыз қорғау заңнамасын бұзу туралы 5,5 мыңға жуық хаттама жасады. 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды. Салынған айыппұл шамамен 98 млн теңгеге жетті. Жалпы жыл сайын айыппұл көлемі орта есеппен 5-10 млн теңгеге өседі. Осындай динамика бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz