RU
Толық нұсқаға өту

Ораңғай ауылында ерекше балаларға арналған орталық бой көтеріп жатыр

18.08.2025, 15:34 599

Түркістан облысының Ораңғай ауылында ерекше балаларды оңалту орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

3 жыл бұрын облыстық мәслихат депутаттары бастама көтеріп, бюджеттен 3,2 млрд теңге бөлінген еді. Маңызды жоба «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, құрылыс барысын депутаттар қадағалап отыр. Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев өңірге сапары кезінде құрылыс барасын көрді. Аумағы 9 мың шаршы метр болатын орталық 50 балаға арналған. Ғимаратта жатын бөлмелер, жеке және топтық оңалту сабағына арналған кабинеттер, емдік дене шынықтыру залымен қатар арнайы мамандандырылған кабинеттері мен физиотерапия блогы болады. Әлеуметтік мекеме қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Жалпы облыста мүгедектігі бар 100 мыңға жуық адам болса, оның 15%-і бала.

Ерлан Әбдиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізде көп мектептердің ғимараты ескі болғандықтан оларда лифтіде болмауы мүмкін. Мектептің өзі бейімделмеген, мысалы пандусы болсын, парталары болсын. Сондықтан да осындай мектептер, орталықтар өте қажет. Мен жұмысымен таныстым. Парталары да, қоршаған ортаға толық бейімделген. Оңалту шараларын өткізетін құрылғылары өте жаңа. Осындай орталықтардың бар болуының өзі де біздің партияның алға қойған мақсаты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz