RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында 37 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады

18.08.2025, 19:11 342

Қостанай облысында биыл 37 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады.

Оның басым бөлігі орталықтандырылған су желісіне қосылады. Соның бірі Бейімбет Майлин ауданындағы Николаев ауылы. Мұнда құбыр тарту аяқталуға таяу. Өңірді аралап жүрген Мәжіліс депутаттарының бір тобы осы ауылда болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

Николаев ауылында 130-ға жуық үй түтін түтетіп отыр. Жергілікті тұрғындар әлімсақтан құдық суын тұтынады. Өзі ащу су, тасқыннан кейін сапасы тіпті бұзылды, деп отыр.   

Ольга Сарычева, Николаев ауылының тұрғыны:

- Басында аздап ащы болса да ішуге жарамды еді. Тасқыннан кейін лайланып, иістеніп кетті. Қазір бұлақтан тасып, не дүкеннен сатып алып ішеміз.

Бұл ауылға биыл мамыр айында орталықтандырылған су желісі тартыла бастады. Қазір ішкі құбырлар өткізіліп болған. Тек су сору станциясын орнату жұмысы қалып отыр.

Еркебұлан Тастанбек, мердігер:

- Жалпы құрылыс жүмыстары қазіргі таңда 80 пайызға ауылға су беруге дайын тұрмыз. Бұйыртса, осы сентябрдің аяғына дейін ауылды толыққанды ауызсумен қамтамасыз етуге дайынбыз.  

Биыл облыс бойынша 37 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылуы тиіс. Оған республикалық бюджеттен 32 миллиард теңге бөлінген. Бұл нысандар қайтарылған актив есебінен салынып жатыр. 

Берік Таңжарықов, облыс әкімінің орынбасары:

- Ол ауылды мекендер. Және екі қалалық өңірлерді толығымен сумен қамтасыз ету жұмыстары аяқталуда. Бұл енді қалалар арасында Арқалық пен Тобыл қаласы қалды. Қазіргі таңда 37 нысан іске асырылатын болса, 100 пайызды қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.

Мәжіліс депутаттары ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар әлі де жалғасын табатынын айтты.

Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз қазір бірінші кезеңін аяқтаймыз. Бүкіл ауылдарға суды әкелеміз. Ал енді келесі қадам әрбір үйге су керек. Қазір бізде әрбір ауыл үшін минималды стандарттар бекітілді. Енді күзде жаңадан трансферттер республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге жаңа методика бойынша бөлеміз.Енді негізгі мақсат әрбір ауылды сол минималды стандартты денгейге көтеру. 

Ресми мәлімет бойынша қазір облыстағы елді мекендердің 90,2 проценті сапалы,таза ауыз су тұтынып отыр.

Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz