Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2025» авиациялық шоу өтті.
Оны тамашалауға он мыңнан астам адам жиналды. Отандық ұшқыштар мен үздік парашютшілер көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады. Байсерке аэродромында ашық аспан астындағы авиациялық техника мұражайы мен жасөспірімдерге арналған шеберлік сабағы өтті. Авиаторлар шағын спорттық ұшақтармен, сондай-ақ Ми-2 тікұшағымен жоғары пилотаж және парашютпен секіру үлгісін көрсетті. «Байсерке Аспаны» Орталық Азия елдері аумағында ұйымдастырылатын жалғыз авиашоу. Ұйымдастырушылар келесі жылы халықаралық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.
Қуанышбек Мирамбекұлы, облыстық туризм басқармасының басшысы:
- Қазіргі таңда бұл іс-шара Қазақстан бойынша оқиғалық туризмнің ішіне кірді. Халықаралық елден де келіп жатыр, туристер келіп жатыр. Қазіргі таңда 10 мың билет сатылған. 10 мың халық қазіргі таңда авиашоуды көруде. Алдағы жылы біз мұны масштабировать етеміз үлкендеу қылып және де басқа компаниялармен келіссөздер жүргізудеміз.
Тегтер #Алматы облысы #авиашоу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz