Шығыс Қазақстан облысында «Қалқан-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды.
Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысты. Жиын аясында елімізде алғаш рет арнайы полигонда радиация аймағында зардап шеккендерді санитарлық өңдеу пункті ашылды. Полигонда азаматтарды іздеу және құтқару, ластану ошағын оқшаулау және жою, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жаттығулары пысықталды. Сондай-ақ радиациялық апат кезінде болатын төтенше жағдайларды жою іс-қимылдары жетілдірілді. Жаттығу кезінде алғаш рет дрондар қолданылды. Оларға радиометрлер бекітіліп, қауіпті аймақтың координаттары бар картаны беру арқылы кросс радиациялық фонды өлшеу міндеті жүктелді. «Қалқан-2025» республикалық оқу-жаттығуы — бұл елдегі энергетика саласының дамуына байланысты туындайтын жаңа қауіп-қатерлерге дайындықты тексеру. Қазір радиациялық мониторинг үшін барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың радиометрлерін бірыңғай желіге біріктіру мүмкіндігі пысықталуда.
Саят Сейтмаш, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:
- Жаттығудың негізгі мақсаты - барлық қорғаныс күштерінің орталық жән емемелкеттік атқарушы органдардың радиациялық-химиялық қорғау қызметтерін үйлестіру болып табылады. Бүгінгі таңда осы жаттығу барысында барлық радиациялық және химиялық ТЖ алдын алу және жою бойынша озық тәжірибелер мен технологиялар көрсетілді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әскер #ШҚОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz