Алматы қаласы түркі әлемінің 2025 жылғы жастар астанасы атанды.
Фестивальдің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев қатысты. Өткен жылы жастар астанасы атанған Әзербайжанның Ленкорань қаласы өкілдері символдық кілтті Алматы жастарына табыстады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтарға арналған құттықтау хат жолдады. Екі күндік фестиваль Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев айтты. Абай алаңындағы ауқымды шара эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасымен әрленді. Халықаралық іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Мемлекет басшысының алып шаһардың қазақ елі үшін ғана емес, түркі дүниесінде де маңызы зор екенін атап өткен құттықтау хатын алматылықтарға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Баршаңызды Алматы қаласының 2025 жылғы Түркі әлемі жастарының астанасы атауымен құттықтаймын. Алматы – азаматтығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені. Өркениетіміздің өрісін кеңейтуге өлеусіз үлес қосқан көптеген ұлы тұлғаларымыз осы қалада өсіп-өнген. Шын мәнінде төл мәдениетіміздің темірқазығына айналған шежірелі шаһар қазақ елінің ғана емес, түркі мемлекеттерінің де рухани ортасы саналады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #Астана #президент
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz