Алакөлдің инфрақұрылымы жетілдірілуде, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Мәжіліс депутаты Болат Керімбек Жетісу облысына жасаған іссапары барысында Алакөл жағалауының жағдайымен танысты. Халық қалаулысы бірқатар туристік нысанды аралап, санитарлық тазалық, кәріз жүйесі мен инженерлік инфрақұрылым мәселесін көтерді. Басты мақсат – табиғатты сақтай отырып, халыққа қолайлы жағдай жасау.
«Бұл бағытта мемлекет пен кәсіпкерлердің ынтымағы маңызды», - дейді депутат. Жалпы айта кету керек, соңғы жылдары жағалауда инфрақұрылым айтарлықтай жақсарған. Туристік нысандар саны 270-тен асты, жаңа электр желілері мен станциялар салынды, интернетпен қамту күшейтілді.
Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бірінші ұсынысы – жағажайда жүретін қайықтарды ретке келтіру. Шетелдерде олар арнайы орындарда ғана жүреді. Ал бізде барлық жерде жүрген соң адамды да басып кетіп жатады. Бұл қайықтардан бөлінетін керосиннің иісі де және оның дауысы да демалушылардың мазасын алады екен.
Тегтер #Мәжіліс депутаты #Алакөл #туристік инфрақұрылым #тазалық
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz