Қызылордада өрт қаупі күшейіп тұр.
Құтқарушылар әсіресе далада от жағудың салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертеді. 15 тамыздан бастап облыста өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Осы арқылы егіншілерге, кәсіпкерлерге және тұрғындарға өрттің алдын алу жолдары түсіндіріліп жатыр. Жүзге жуық құтқарушы мен ерікті ауыл-ауылды аралап, халықпен кездесіп жүр. Бұған қоса өрт сөндірушілер арнайы оқу-жаттығулар өткізіп, дайындықтарын пысықтайды. Айта кеткен жөн, биыл өңірде 12 дала өрті болған.
Асхат Оразбеков, ТЖД басқармасының бастығы:
- Шалғай орналасқан елді мекендерде қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар тарапынан 30 өрт сөндіру бекеттері құрылды. Өрт сөдіру бекеттері мемлекеттік өртке қарсы қызметі келемін дегенше алғашқы өртті сөндіруге арналған. Сонымен қатар әр ауылдық елді мекендерде, әр шаруашылықтарға ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылған.
Тегтер #Қызылорда #өрт қаупі #24KZ #ТЖД #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz