RU
Толық нұсқаға өту

Үржарда жол апатынан зардап шеккен екі бала Астанаға жіберілді

20.08.2025, 13:00 405

Олардың денсаулығына енді астаналық дәрігерлер қарайды.

Ал бір бала аудандық ауруханада емделеді. Айта кетейік Үржардағы жол апатынан үш бала опат болды. 

Қазір біз Үржар аудандық аурухананың маңында тұрмыз. Біраз уақыт бұрын Зардап шеккен екі бала Астанаға жіберілді. Бір бала аудандық ауруханада жатыр. Кеше мемлекет басшысының тапсырмасымен үздік дәрігерлеркеліп. жағдайы аса ауыр балаға операция жасаған. 

Шамамен әрбір отамыз екі сағатқа жалғасты. Бірінші отамыз ол ішкі ағзаларға байланысты яғни, бауыр ішек зақымдануына байланысты ішкі ағзаларына қан құйылған. Екіншісі жарақаттан кейін бас ми ісінген. Соған байланысты ота жасалды. Өміріне қатты қауіп төніп тұр деп айтуға болады. Өйткені жарақаттары күрделі, ауыр.

Қайғылы жағдай болған Бестерек ауылына біз бүгін таңертең барып келдік. Қоршаудың артында екі үйдің алты баласы ойнап отырған. Ауыл тұрғындарының сөзінше Оларды жоғары жылдамдықпен келген автокөлік қаққан. Балаларды көліктің астынан алып шығу үшін арнайы ТЖ қызметкерлері келіпті. 

Төрт баланы алып кетіпті, сосын екі баланы мчспен шығарып менің машинама салып берді. Содан мен моргқа апардым. Барлық жақындары қабырғалары қайысып уайымдап отыр. Бәріне көңіл айтамын. 

Облыс әкімдігі тарапынан қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек те беріледі. Қазір облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы құрылған. 

- Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, материалдық көмек және де жерлеу рәсіміне де көмек көрсететін болады әкімдік тарапынан. Психологтар кешеден бері жұмыс атқарып жатыр. Жанұясына ата-анасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. 

Оқиға салдарынан  екі бала оқиға орнында, біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Қазір жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz