Руслан Берденовке оқ атты деп айыпталған Жиенбаевқа қатысты сот үкімі шықты.
Үкімге сәйкес, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ның директоры 9 жылға бас бостандығынан айырылады. Оқиға болған түні айыпталушы мас күйінде Руслан Берденовке аңшы мылтығынан қасақана 5 рет оқ атқаны анықталды. Оған Жиенбаевтың бас араздығы түрткі болыпты. Бірақ оқдәрі таусылып, қарсылық көргендіктен ол өзінің арам ойын толық іске асыра алмаған. Процесс барысында айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындап, оған өкінетіндігін жеткізген. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Тегтер #руслан берденов #сот үкімі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz