RU
Толық нұсқаға өту

367 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

20.08.2025, 19:15 469

Алматы облысында соңғы үш жылда жалпы аумағы 367 мың гектар болатын мыңнан астам жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Соның 100 мың гектары ауыл шаруашылығы мақсатында қайта игеріле бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар ел Президентінің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Ондағы мақсат – жерді тиімді пайдалану арқылы аграрлық сектор мен ел экономикасын өркендетуге тың серпін беру. Сонымен қатар аудандық және қалалық әкімдіктер жер ресурстары жөніндегі өңірлік департаментке қолданылмай жатқан 800-ден астам жер телімі бойынша материалдарды өткізкен. Ауыл шаруашылық және коммерциялық мақсаттағы ол жер телімдері де болашақта мемлекетке қайтарылады.

Артықбай Болғанбаев, облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

- 1990-2000 жылдары 49 жылға ұзақ мерзімге жалға алу шартымен алған. Алайда арада қанша уақыт өтсе де, ешқандай пайдаланбай, облыс бойынша бос жатқан жер учаскелері көп. Сол учаскелерді экономикалық қайтарым дейді, қайта пайдалануға кірістіру мақсатында аудандық жер қатынастары бөлімдерімен мониторинг жұмыстары жүргізіледі.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz