Елордада «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің 105 жылдығына арналған ерекше фотокөрме ашылды.
«Қазақстан тарихы Kazinform-ның фотосуреттерінде» атты экспозицияда ел тарихындағы айтулы оқиғаларды бейнелейтін 180-нен астам мұрағаттық және эксклюзивті сурет қойылды. Ашылу салтанатында қоғам белсенділері, Парламент депутаттары мен шара қонақтары сөз сөйледі. Топтамада соғысқа дейінгі жылдар, Екінші дүниежүзілік соғыс, индустрияландыру, тың игеру кезеңі, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сынды маңызды тақырыптар қамтылды. Тарихи сәттерді таспалаған бұл суреттер елдің қалыптасу жолын айшықтайды. Айта кеткен жөн, таныстырылған фотосуреттердің көпшілігі көрермен назарына алғаш рет ұсынылып отыр.
Нағашыбек Алдан, «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің басқарушы директоры:
- Бұл жәй суреттер емес. Бұл Қазақстанның соңғы 100 жылдағы өткен жолының бір көрінісі іспеттес. Мұнда қуанышты, қайғылы, өкінішті сәттер де бар. Соғыс жылдары соғыстан кейінгі жылдар бар, индустрияландыру сәттері бар, тәуелсіздік жылдары бар. Алматы мен Астананың құрылыс жылдары, көркейген жылдары бар. Елге еңбегі сіңген атақты, даңқты тұлғалардың бұрын соңды көрсетілмеген портреттері де бар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #қазақпарат #елорда
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz