Елдегі кино өндірісі жаңа туындымен толықты. Ол - «Ароматное сердце» деп аталады.
Бүгін фильмнің жабық көрсетілімі өтті. Кинокартина Мәдениет және және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. Онда ағза донорлығы мәселесі қаузалады. Сондай-ақ отбасылық құндылықтар дәріптеледі. Ал ертеңнен бастап фильм елдегі кинотеатрларда көпшілік назарына ұсынылады. Айта кетейік, биыл Ұлттық кино орталығы бас-аяғы 10 фильмді жарыққа шығарды. Мамандардың айтуынша, олар түрлі жанрда әзірленгенімен, қоғамдамғы өзекті проблемаларға үн қатады.
Әділет Омаров, Ұлттық кино орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
- Жалпы елімізде донорға мұқтаж жандар статистика бойынша 4 мыңнан астам адам. Яғни бұл өте өзекті тақырыптардың бірі. Бұл жерде тек отасбылық тақырып көтерілмейді, отбасы құндылықтары, әке мен баланың қарым-тақытасы, жалпы отбасы құндылықтары сипатталып, дәріптеледі. Кино бұл үлкен идеологиялық құрал ғой. Бұл қоғаммен байланыс. Сондықтан осы кино арқылы ой салғымыз келеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #кино #донорPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz