RU
Толық нұсқаға өту

Азаматтық сектордың белсенділігі артып келеді

21.08.2025, 21:29 344

Мемлекеттік бағдарламаларды, әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыруда  қоғамдық бақылау тетіктерін нығайту қажет.

Қостанайда өткен азаматтық форумда  осы тақырып талқыланды. Келелі кеңеске қоғамдық ұйым, атқарушы билік өкілдері мен Парламент депутаттары қатысты. Олар форум аясында жеке секцияларға бөлініп, өзара пікір алмасты.

Елде азаматтық сектордың белсенділігі жылдан-жылға күш алып келеді. Қостанай облысында соңғы үш жылда үкіметтік емес ұйымдардың саны 30 процентке артып, мың жарымға жеткен. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі де біршама өскен.

Динара Өтебаева, «Грин» Азаматтық альянсы» ҚҚ төрағасы:

- 2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 300-400 миллион теңге шамасында болатын. Қазір бұл сома 1 миллиард 200 миллион теңгеден асады. Осыған байланысты үкіметтік емес ұйымдардың қызмет аясы да кеңейіп келеді.

Қоғамдық-экономикалық, саяси даму жолында өңірлерді дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Бұл ретте азаматтық қоғамға үлкен міндет артылады.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Президенттің негізгі бастамаларын жүзеге асыру. Әсіресе «Таза Қазақстан» бағдарламасы, «Заң мен тәртіп» қағидаларын, жұмысшы мамандықтар жылының жобаларын қолдау және насихаттау. 

Қостанайлық үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық өмірдің негізгі жиырма бағыты бойынша жұмыс істейді. Олардың қызметі сан-саланы қамтиды. Соңғы жылдары азаматтық сектордың құзыреті тіптен кеңейе түсті. Әр өңірде билік шешіміне ықпал ете алатын қоғамдық кеңестердің құрылуы соған дәлел.

Гүлбара Сұлтанова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы

- Былтыр қоғамдық бақылау бойынша заң қабылданды. Ол үкіметтік емес ұйымдарға, сосын өзі жәй қарапайым азаматтарға арналған. Негізі олардың мүмкіндіктері бар. Олар өздері ғана қоғамдық бақылау жасай ма, әлде топ құрама сол заңмен бәрі қарастырылған. 

Жиын қорытындысы бойынша қарар қабылданып, айтылған ұсыныс-пікірлер Астанада өтетін азаматтық форум талқысына  жіберіледі.

Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz