Биыл елімізде гендерлік білім орталығы ашылады. Ол Алматыдағы БҰҰ-ның өңірлік базасында жұмыс істейді.
Орталық гендерлік теңдікті ілгерілету мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін мемлекеттік орган, сарапшылар мен қоғам арасында диалог алаңы болмақ. Бұл туралы бүгін халықаралық конференцияда айтылды. Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Сот әкімшілігі ұйытқы болды. Мамандар тең құқықтарды қамтамасыз етуде Ата Заңның рөлін, еліміздің гендерлік теңдік саласындағы жетістіктерін, сонымен қатар Пекин декларациясы мен Іс-қимыл тұғырнамасын іске асыру жайын сөз етті.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2024 жылы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әйел құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін сақтау туралы заңнамалық өзгерістер қабылданды. Соның нәтижесінде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып-соғу баптары кримилизацияланды. Яғни жаңа қатаңдатылды. Бұл тек қана әйелдер үшін емес, жалпы қоғамдағы денсаулыққа қасақана зиян келтірген, ұрып-соғу баптарына тап болған кез келген азаматтың құқығын қорғауға бағытталған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БҰҰ #Астана
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz