RU
Толық нұсқаға өту

Көлік қаққан бала Семейге жеткізілді

23.08.2025, 17:07 545

Үржар аудандық ауруханасында жатқан 9 жасар Айзере санитарлық авиация бортымен Семейге жеткізілді.

Әуе бортында дәрігерлермен бірге баланың әкесі де бар. Жол апатынан аман қалған жасөспірімнің жағдайы әлі ауыр. Қазір ес-түссіз, тек дәрінің көмегімен жатыр,-дейді дәрігерлер. Семейден келген мамандар баланың жағдайын тексеріп, жолға жарамды деп шешкен. Енді оған облыс орталығындағы үздік дәрігерлер қарайды. Қосымша тексеру жүргізіп, миының жағдайын бақыламақ. Естеріңізге салайық, Үржар ауданындағы Бестерек ауылында автокөлік алаңсыз ойнап отырған 6 баланы қағып кеткен болатын. Үш бала қайтыс болып, үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханада жатыр. Екі бала астаналық дәрігерлердің қарауында.

Мадина Ноғайбаева, Үржар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Бүгін бізге облыс орталығынан балалар нейрохирургы, балалар реаниматологы келді. Баланың жағдайын толықтай бақылап, тексеріп, біздегі мамандар ақылдаса келе Семей қаласына алып кету шешімі шығарылды. Қазіргі таңда аудандық ауруханада қолдан келген көмектің барлығы атқарылды. Енді облыстық деңгейде қосымша тексерулер жүргізуге алып кетті. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz