RU
Толық нұсқаға өту

Сауд Арабиясының қажылық үшін жауапты министрі Астанаға ресми сапармен келді

24.08.2025, 17:45 842

Сауд Арабиясы корольдігінің қажылық және умра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа елімізге ресми сапармен келді.

Алматы қаласында өткен кездесуде екі елдің діни байланысы мен ынтымақтастығын арттыру мәселесі талқыланды. Нақтырақ айтсақ, қажылық рәсімдерді оңтайландыру және Сауд Арабиясына тікелей рейстерді көбейту керектігі айтылды. Өйткені былтыр 4500 отандасымыз Меккеге барып, мұсылмандық парызын өтеп қайтқан. Бұл тізім жыл сайын артып жатқандықтан екі ел арасындағы байланыс пен келісім де дамуы керек деді Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа. Сондай-ақ ол Қазақстанның туристік маңызға ие болып, корольдіктен елімізге саяхаттаушылардың саны артып келе жатқанын да тілге тиек етті.

Тауфик бен Фаузан ар-Рабиа, Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрі:

- Сауд Арабиясы корольдігінде тікелей корольдің және тақ мұрагерінің бастамасымен қажылардың сапарын оңтайландыру мақсатында және пайғамбарымыздың өмірбаянымен байланысты арттыру мақсатында 55 тарихи мекенді зиярат ету қарастырылған. Осы бағыт аясында әуе байланыстарды арттыру және жеңілдету үшін келіссөз өткіздік.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:

- Бірнеше мәселе шешілді. Соның ішінде мынау қажылыққа бару, умраға бару жолдары біраз жеңілдетілді. Соның ішінде екі ел арасындағы тікелей әуе байланыстардың ашылуы және мынау виза алу болсын, басқа да мынау қонақүйлерге орналастыру, тағы да басқа да үлкен-үлкен сұрақтардың жеңілдетілгені осы сапардан кейін қол жеткізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz