Жыл басынан бері елдегі сауда көлемі 8,6 пайызға, ал салынған инвестиция көлемі 37 пайызға өсті.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі мәлімдеді. Арман Шаққалиевтің айтуынша, қазір Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында саланы дамыту мен елдің экспорттық әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Үкімет отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайтып, шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту мен шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын күшейтті.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Саудаға салынған инвестиция қаңтар-маусым айларында 37 пайыз өсіп, 438 млрд теңгені құрады. Салада 800 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олар 1,5 млн астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Мемлекет басшысынның Қазақстан халқына жолдауындағы тапсырмалары «айтылды-орындалды» қағидаты бойынша іске асырылуда.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #үкімет #саудаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz